Ер адам үйдің кіреберісінде бір баланы соққыға жығып, екіншісін қылғындырған.
Астанада балаларды ұрып-соққан ер адам ұсталды
Видеодан скриншот
797
оқылды

Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде балаларды соққыға жыққан жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Кеше әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамның бір баланы соққыға жығып, екіншісін қылғындырғаны таспаланған видео тарады. Желі қолданушылары бұл оқиғаның «Эдем палас-2» тұрғын үй кешенінде орын алғанын жазды.

Аталған оқиғаға байланысты Астана қалалық ПД баспасөз қызметі бұзақының қолға түскенін мәлімдеді. 

«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы аталған тұрғын үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері.