Алдағы күндері жел күшейіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
6-8 ақпан аралығында ауа райы қандай болады?
Фото: tengrinews.kz
21,992
оқылды

«Қазгидромет» 6-8 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де қалың жауын-шашынға ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады.

Солтүстік аймақтарда негізінен қар жауып, ал оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады және тұман түседі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанған жоқ.