Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
Президенттің баспасөз хатшысы жаңа Премьер-Министр қалай тағайындалатынын айтты
Фото: azh.kz
1,506
оқылды

Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.

"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", – дейді Берік Уәли.

7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. 

Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.