Ақмола облысында жыл басынан бері ғана 300-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Ақмолада жыл басынан бері 300-ге жуық жол апаты болды
627
оқылды

Полицияның мәліметінше, тұрақты түрде профилактикалық шаралар жүргізілгенімен өңірде жол-көлік оқиғаларының саны азаймай тұр. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, апаттық жағдай тудырғаны үшін 293 жүргізуші жауапқа тартылған. 

– Көкшетау қаласы Полиция басқармасына Сарыарқа шағын ауданында жол-көлік апаты болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Volkswagen Golf маркалы автокөлікті тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші Toyota Windom көлігіне жол бермей соқтығысқанын анықтады. Жол апатының салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінің жолаушысы жергілікті ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді, – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілі. 

Құқық қорғау органдары оқиға орнында Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабымен хаттама толтырған. Полиция мәліметінше, облыс аумағында тек жыл басынан бері ғана жол-көлік апатына жол берген 293 жүргізуші жауапқа тартылған. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы