Бурабай ауданында қоқыс төгетін компанияның тарифті заңсыз көтергені анықталды.
Бурабайда қоқыс тарифі заңсыз көтерілген
657
оқылды

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау және көму кезінде құнын белгілеуде заңнаманы бұзған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Прокуратуралық тексеріс кезінде ғимараттарды ұстау, электр және жылу энергиясы сметасына негізсіз шығынды қосу фактілері белгілі болған. 

– Негізсіз тарифтің салдарынан жайлы пәтерлерде тұратын тұрғындардың тарифтері 37,70 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 420 теңгеден 382,30 теңгеге дейін), ал жайсыз үйлерге 40,91 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 455,85 теңгеден 414,94 теңгеге дейін) төмендетілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, – дейді Ақмола облысы прокуратурасы  баспасөз қызметінің өкілі. 

Жалпы, ауданда тарифтің көтерілуінен 10 173 тұтынушы, оның ішінде 183 заңды тұлға жапа шеккен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы