Түске қарай қайтыс болғаны белгілі болды.
Шымкентте оқушы қыз сабақ кезінде өзін нашар сезініп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды
фото: Halyq Uni
955
оқылды

Қайғылы оқиға 6 ақпанда «Низамхан» жекеменшік мектебінде болған, – деп хабарлады OTYRAR.

Белгілі болғандай, қыз 8-сыныпта оқыған. Бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген. Директордың айтуынша, мектепке жедел жәрдем қызметі келген. Алдын ала болжам бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы көп дәрі ішкен. Жақсақтау бөліміне жеткізгенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады. Түске қарай қайтыс болғаны белгілі болды.

«Баланың жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем шақырдық. Не болғанын білмедік. Ол түнде 40 шақты жүрек дәрісін ішіп, мектепке келген деді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қыз бала тұйық болмаған, сыныптастарымен араласты. Олар бүкіл сынып болып 79-мектептен ауысып келді. Қудалау болған емес», – дейді «Низамхан» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.

Директордың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес.