«Қазгидромет» синоптиктері 7 ақпанда Қазақстан аумағындағы ауа райы құбылмалы болатынын айтты.
Қазақстанда 7 ақпан күні ауа райы қандай болады?
Фото: ТЖМ-нен алынды
7,597
оқылды

Скандинавия аймағынан ауқымды циклон Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтиды. Жаңбыр, қар жауады. Еліміздің солтүстік-батысы және солтүстігінде қалың қар, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. 

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғып, бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысында күндіз батыс пен солтүстігі, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, батысы, Жамбыл облысында таулы аймақтарда, Түркістан облысында дауыл соғады. 

Астанада 7 ақпанда көшпелі бұл шығады. Таңертең және түстен кейін жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні секундына – 15-20 метр, күндіз секундына – 23-28 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел секундына 2-7 метр екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел оңтүстік-батыс, батыс 15-20, таңертең және түстен кейін екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус жылы.

Сондай-ақ Қазақстан бойынша желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшеюі мүмкін.