Наурыз айында екі мереке бар.
Биыл наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: yandex.kz
15,173
оқылды

2024 жылдың наурызында қазақстандықтар үшін 14 күн демалыс болады. Almaty.tv-ның мәліметінше, наурыз екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз – демалыс, ал 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз -жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.