Полиция қызметкерлері 13 адамды ұстап, олардың үшеуін уақытша ұстау изоляторына қамады.
Көкшетауда ұйымдасқан топтар арасындағы қақтығыстың соңы оқ атумен аяқталды
803
оқылды

Көкшетауда жастар арасында жанжал туындап соңы атыспен тынған, - деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетіп, тәртіп бұзғандар қолға түсті. Ұйымдасқан топтар қаланың Васильков шағын ауданында жанжалдасып құқық қорғаушыларының аспанға бірнеше мәрте оқ атуымен зорға тоқтаған. 

- 6 ақпан күні жас жігіттерден құрылған екі топ арасында жанжал болып полицияның жедел тобы қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстау кезінде аспанға қызметтік қарумен бос патрондармен оқ жаудыруға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлері 13 адамды ұстап, олардың үшеуін уақытша ұстау изоляторына қамады, - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталып, даудың себептері анықталуда. Полиция оқиға кезінде ешкім зардап шекпегенін жеткізді. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы