Өнер иесі 29 жасқа толғанда отбасын құру туралы ойлана бастаған.
"Мен аңқау болыппын": Amre болашақ жары қандай болғанын қалайтынын айтты
Фото: "Славян базары" фестивалінің ресми сайты
3,751
оқылды

Жастар арасында Amre лақап атымен танылған әнші Ернар Садырбаев болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтты. Бұл туралы ол  “1001 түн” бағдарламасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі 29 жасқа толғанда отбасын құру туралы ойлана бастаған.

“Мен үшін жеке өмір – жеке тақырып. 29 жасқа толсам да отбасын әлі құрған жоқпын. Бірақ қатты құрғым келеді. Осы күнге дейін тек жұмыс істеп келіппін. Енді ойланып жатырмын. Мақсатым – тек ән жазу, жаңа әндер ұсыну. Жеке өмірімді мүлдем ойламағанмын. Мен соны 29 жасқа толғанда түсіндім. Бір қызбен басынан аяғына дейін нақты дұрыс жүрмеппін. Оны мойындау керек. Менің ойымда тек жұмыс, белгілі бір сатыға өсу болған. Әке болғым келеді. Сүйікті, адал жар болуға уәде де беремін. Қазір шаңырақ көтеруді ғана ойлап жүрмін. Отбасы институтын қалыптастырған әкем мен анамнан үлгі аламын. Әке-шешем бір-біріне адал болды. Әркімнің өзінің орны бар. Мен де сондай отбасы болғым келеді. Әрине, бәріне үлгеріп жүрген жігіттер бар, мен аңқау болыппын. Әр нәрсенің уақыты болады. Мен отбасындағы жауапкершілікті еркек ретінде білемін және сезінемін", – деп ағынан жарылды өнер иесі.

 

Сонымен қатар болашақ жарына қоятын талаптарын да айтып өтті. Десек те әнші жарының өнерден алыс болғанын қалайтынын жасырмады. 

“Болашақ әйеліме үйде отырасың, ыдыс жуасың деп айтқым келмейді. Бірақ бір үйге бір өнер адамы жетеді. Мен әрдайым түзде жүретін адаммын. Гастролім, концерттерім бар. Ол кісінің үйде отырғанын қалаймын. Болашақ балаларымызды тәрбиелеп әрі менің әке-шешеме қарап отыратын қыз болғаны жақсы. Ол мен үшін өте маңызды”, – дейді әнші.