«Қазгидромет» РМК 8-10 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.
«Бұрқасын, аяз, 30 м/с жел»: 8-10 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: oir.mobi
7,789
оқылды

«Қазгидромет» РМК 8-10 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері Қазақстан кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерін сезінетін болады.

Бұлтты және желді ауа райы күтілуде, еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с-ке күшейеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік аймақтарда қатты қар, бұрқасын болады деп болжануда, сонымен қатар циклон ауа температурасында қысқа мерзімді жылынуды әкеледі, бұл аяздың күрт төмендеуімен алмасады. 

Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.