«Қазавтожол» бүгін сағат 21.00-дегі ахуалды хабарлады.
Қазақстанның 13 өңірінде жол жабылып, төрт мыңнан астам көлік жүре алмай тұр
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,569
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 59 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу республикалық маңызы бар күре жолдың 5973 шақырымына енгізілді. 

Аталған учаскелерде жолда 4 182 бірлік көлік (3598 жүк көлігі, 584 жеңіл көлік, 3 қоғамдық көлік) жиналып тұр. 

«ҚазАвтоЖол» жолшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге 785 арнайы техника мен 1420 жұмысшы жұмылдырылды.

Барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген және компанияның ресми сайтында https://kz.qaj.kz/s/ қолжетімді. 

Сондай-ақ, тәулік бойына 1403 Call-орталығы жұмыс істейді.