Күдікті Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.
Екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел Шымкентте ұсталды
1,007
оқылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны үйдегі жанжалдан соң 2 тәулікке Түркістандағы Отырар ықшамауданынан пәтер жалдаған. Жантүршігерлік оқиға сол пәтерде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдіктіні іздеуге облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар көршілес аймақтар мен мегаполистерге бағыттамалар берілді. Осы қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде құрықтады.

«Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда»,  деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов. 

Осы ретте полиция қызметкерлері тек ресми дереккөздерге  сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.