Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1 023 жол маманы жұмылдырылды.
12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Фото: БҚО ТЖД
913
оқылды

8 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлімдеді.

Ақмола облысында – 14 учаске

Ақтөбе облысында – 16 учаске

Атырау облысында – 2 учаске

Жамбыл облысында – 4 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында – 10 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

Түркістан облысында – 1 учаске

Ұлытау облысында – 2 учаске

«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1 023 жол маманы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.