Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, боран соғады: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: gov.kz
1,479
оқылды

"Қазгидромет" 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

9 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.

Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деп күтіледі.