Қалаларда адамдардың қозғалысын жеңілдететін жаңа самокаттар шығарылды. Бұл самокаттарда қауіпсіздік деңгейі жоғары болады дейді мамандар.
Электр самокаттардың жаңа қауіпсіз түрі жасалды (видео)
Tectus көлігі. Фото Avvenire сайтынан алынды
1,733
оқылды

Адамдарға ыңғайлы экологиялық орта жасауда электр көліктерге көп басымдық берілуде. Осындай көліктің жаңа қауіпсіз түрі шығарылғанын newatlas.com сайты хабарлады. Aikyn.kz америкалық әріптестердің мақаласына сүйеніп осы көліктің түрі ересектер мен жастар арасында сұранысқа ие болу мүмкіндігін талдайды.

Көпшілік қауым егде жастағы адамдар мен жастарға бірдей ұнамды электр скутерлері туралы ойлағанда, олардың техникалық сипаттамасымен бірге көліктің дизайнына көңіл бөледі.

Толығымен жабық толық жетекті 3 доңғалақты Tectus көлігі көпшіліктің көңілінен шығатын сияқты.

Осы аптада жарияланған бір жолаушыға арналған Tectus-ты канадалық Avvenire электр көлігін жасаушы компания ұсынды. Бұл компания бұған дейін де әлдеқайда спорттық үш доңғалақты Leggera Roadster-ді ұсынған еді.

Бұл жолғы жаңа Tectus екі электр қозғалтқышымен қозғалады – біреуі алдыңғы доңғалақ үшін, екіншісі артқы ось үшін – жалпы қуаты 2000 Вт. Олар көлікке 32 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Литий батареясының бір заряды 160 км қашықтыққа жетеді.

Солтүстік Америкада Tectus жүргізушілеріне лицензия немесе көлікті сақтандыру талап етілмейді – көлік негізінен қала ішінде ғана пайдалануға арналған.

Кәдімгі есіктердің орнына Tectus кіру және шығу үшін алға қарай еңкейтілетін шатырмен жабдықталған. Бақытымызға орай, бұл шатырды көтеру және түсіруді ұнатпайтын пайдаланушылар үшін ол электрлі – оны сымсыз қашықтан басқару пульті арқылы қашықтықтан ашуға болады. Көліктің артқы жағындағы қақпағы бар қорап азық-түлік пен басқа да жүктерді тасымалдау үшін орнатылған.

Tectus-тің кабинасы алға қарай еңкейтіліп ашылады. Фото Avvenire сайтынан алынды

Tectus қазірше екі модельде жасалды – Deluxe $ 6995 және Ultimate $ 8999. Соңғысының ерекше мүмкіндіктеріне резервтік камера (кедергі датчиктері бар), жұмыс істейтін шамдар, стерео дыбыс жүйесі, GPS бақылау, жылыту мен ауаны баптау кіреді. Сымсыз зарядтау қосымша опция болып есептеледі.

Tectus көлігінің батареясын жылдам зарядтауға екі сағат уақыт керек. Көлікті ұнатқандар қазірдің өзінде Avvenire веб-сайтында алдын ала тапсырыс беруге болады. Жеткізу осы жылдың соңында басталады.

Жол қозғалысына қосылған көлік құралын басқарушы өзінің және басқалардың өміріне қауіп төндірмеуі тиіс. Мына көңілді видео қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: