Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 бірлік техника және 864 жолшы жұмылдырылды.
10 облыста республикалық маңызы бар 48 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
745
оқылды

9 ақпан күнгі сағат 10:30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы «Қазавтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлімдеді.

Абай облысында – 1 учаске;

Ақмола облысында – 14 учаске;

Ақтөбе облысында – 5 учаске;

Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;

Қарағанды облысында – 5 учаске;

Қостанай облысында – 7 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында – 4 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Осы уақтта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 бірлік техника және 864 жолшы жұмылдырылды.