Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°С, түнде -20...-28°С дейін аяз болады.
"28 градус аяз": демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Астана қаласының әкімдігі
6,510
оқылды

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанға скандинавиялық циклонның әсері тек дүйсенбіге қарай аяқталуы мүмкін. Біртіндеп атмосфералық қысым жоғарылай бастамақ.

«Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°С, түнде -20...-28°С дейін аяз болады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ елдің оңтүстік жартысында ауа райы жылына түседі. Дегенмен жел соғып, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.