Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қызылордалық азамат қарыз алған танысын пышақтап өлтірген
423
оқылды

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Aikyn.kz.

Депекке қарағанда, сотталушы берешек ақшаны қайтарып алу үшін 2024 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласынан Сексеуіл кентіне барған.

"Онда танысымен сөйлесу барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. Салдарынан сотталушы жәбірленушіге жақындап келіп, жүрек тұсынан пышақпен ұрған. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған", - деп жазды Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

Сот үкімімен сотталушы С. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 млн теңге моральды.