Ұлттық-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараға Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов бұл кештің мәні мен маңызына тоқталып, іс-шараға атсалысқан Бәзілжан әулетіне Алғысхат табыстады.
«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген шайырдың туған күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шараның жас ұрпаққа берері мол. Ол – шоқтығы биік ақын. Оның сыршыл өлеңдері миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты», – деді Сақтаған Сәдуақасов.
Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Айтулы іс-шараның өтуіне ұйытқы болған ақын Думан Бәзілжан мұндай кештер ұлттың ұлы тұлғаларын халық жадында жаңғыртуға мүмкіндік беретінін атап өті.
«Мұқағалидың жырымен сусындап өстік. Сондықтан «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырған игі іс-шараның мәні ерекше. Мұндай кештер алдағы уақытта да қолға алынады деген ойдамын. Ал ондай іс-шараларға атсалысуға әркез дайынбыз», – деді Д.Бәзілжан.