Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласындағы департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды
944
оқылды

2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқкиімдер мен рюкзактар сатып алынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген.

Сонымен қатар  жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған.

Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген", – деп жазды департаменттен.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны "бірреттік" деп атаған болатын.

Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды. 

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.