Қазгидромет 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Боран, көктайғақ: еліміздің 13 өңірінде ескерту жарияланды
Фото: Астана қаласының әкімдігі
8,685
оқылды

Астана мен еліміздің 12 облысына ескерту жасалды. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республика бойынша жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болады. 

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады, облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады. Батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында және солтүстігінде көктайғақ, тұман болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен батысында екпіні 18-23 м/с болатын жел соғады.

Ақмола облысының шығысында түнде бұрқасын болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қарлы боран соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Абай облысының орталығында, шығысында, күндіз шығысы мен оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Петропавлда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында тұман түседі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Шымкентте 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде түнде бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.