Актрисаның ұзату тойынан видео жарияланды.
Актриса Салтанат Серкебаева тұрмысқа шығады
Фото: видеодан скриншот/instagram.com/aigulmukei
3,596
оқылды

Актриса Салтанат Серкебаева тұрмысқа шығады. Танымал тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызы актрисаның ұзату тойындағы видеоларды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

«Сырғаң құтты болсын!»,  деп жазды Айгүл Мүкей. Ләйлә Сұлтанқызы Салтанат Серкебаеваның Шығыс Қазақстанға ұзатылып бара жатқанын айтты.

Желі қолданушылары да актрисаға ақ тілегін жеткізіп, түрлі пікір жазған.

Айта кетейік, Салтанат Серкебаева «Назар» тобында өнер көрсеткен. «Томирис» фильмінде басты рөльдердің бірін сомдады. Бүгінде отандық танымал бағдарламада жүргізуші.