Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
ШҚО аумағында жер сілкінісі тіркелді
Фото: pixabay.com
1,395
оқылды

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1 023 шақырым жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 шақырым жерде) орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл. Жағдай тұрақты. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр.