Бір түнде Астанадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Түнде Астана көшелерін 2 400 адам қардан тазалады
608
оқылды

Елордада қар тазалау жұмыстарына 1,5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,5 мыңнан астам арнайы техника және 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты.

10 ақпаннан 11 ақпанға қараған түні елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері қар полигондарына 315 мың рейс, шамамен 4,3 миллион текше метр қар шығарды.