Жергілікті әйелдердің бірі мешіт имамына осындай сауал қойды.
Келісілген мәһрді басқа затқа ауыстырса  бола ма?
1,533
оқылды

"Келісілген мәһрді басқа затқа ауыстырсам бола ма?" деп сұрады қыз-келіншектер жамағатынан,  деп жазды Aikyn.kz.

Дін маманының пайымынша, мұндай кезде күйеуінің келісімі маңызды.

Егер, күйеуі орнына басқа бір зат беруге келісіп жатса, онда рұқсат. Өйткені, Құран Кәрімде,  «Ниса» сүресінде: «...Мәһр бекітілгеннен кейін, өзара келіскен нәрселеріңде күнә жоқ...» делінген. Келіспеген жағдайда бастапқы уәделесу бойынша беріледі", деді имам.