Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды.
Тұман, бұрқасын: 12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: gov.kz
5,144
оқылды

"Қазгидромет"  12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірде ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Алматыда тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының орталығында, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыстан жел соғады.

Шымкентте  тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.