Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Елордада SPA орталығы өртенді
Фото: видеодан скриншот/ТЖМ

Астанада 6 қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында орналасқан SPA орталығы өртенді.

 

«11 ақпанда сағат 22:57-де Астана қ. Тәшенов к. өрт туралы хабарлама келіп түсті. 6 қабатты әкімшілік ғимаратта 1-қабатта СПА-да бу бөлмесі өртенген. Сағат 23: 23-те өрт 15 шаршы метр аумақта оқшауланды», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.  Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары (22 л/с және 5 техника) жұмылдырылды.