«Қазгидромет» синоптиктері 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Солтүстік-батыс, солтүстік пен елдің орталығындағы күн райына антицклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн ашық болады және ауа температурасы төмендейді.
Республиканың басқа аймақтары атмосфералық ағындардың ықпалында болады да, жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ, тұман болып, боран соғады. Солтүстік пен оңтүстікте жел соғады.