Оқиға Жосалы кентінен 80 шақырым жердегі «Қызғалдақ» учаскесінде болған.
Қызылордалық тұрғын мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен
Фото: polisia.kz
2,009
оқылды

Қызылорда облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам екі күннен соң табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 тұрғыны 8 ақпан күні автокөлікпен мал іздеуге шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.

«Оқиға Жосалы кентінен 80 шақырым жердегі «Қызғалдақ» учаскесінде болды. Іздеу барысында автокөлік бұзылып, оны жөндеуге көмекке шақыру үшін екі азаматтың бірі автокөліктен шығып кеткен. Содан кейін қайта оралмаған. Оқиға бойынша арнайы іздестіру тобы құрылды. Нәтижесінде 10 ақпанда жоғалған азамат аман-есен табылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ТЖД.