Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.
- Тінту барысында 40 мың бірреттік дозаға эквивалентті 8 келі артық "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды. Анықталған есірткінің "қара" нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.