Осы оқиғадан кейін күдікті бірден «ізін суытқан».
Астанада қызды тонамақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Скрин видео
764
оқылды

Оқиға 12 ақпан күні Астанада болған. Белгісіз адам көшеде кетіп бара жатқан қызға шабуыл жасаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Осы оқиғадан кейін күдікті бірден «ізін суытқан». Шабуылдаушыға бірден іздеу салынды. 

Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысының ПД қызметкерлері жұмылдырылды.

«Күзет патрульдері сағат 06.00 шамасында Семей қаласына кірер жолдағы «Ертіс» бақылау пунктінде Тоyоtа автокөлігінің салонында жолаушы ретінде отырған күдіктіні байқаған.  Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, жақын арада елордалық әріптестерге тапсырылады»,  делінген хабарламада.