Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді.
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 5 адам құтқарылды
Фото: Orda.kz
297
оқылды

13 ақпан күні түнде Жетісу облысындағы Үшарал-Достық тасжолында бір көлік қардан жүре алмай жолда тұрып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына дереу құтқарушылар шықты. Олар қалың қарға кептеліп қалған 1 техника мен ондағы адамдарды шығарып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді.

«Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз», – деп ескертті ТЖМ өкілдері.