Айтуар Асқарұлы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.
Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Фото: kaznpu.kz
696
оқылды

Парламент Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов депутат ретінде ант берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді А. Қошмамбетов.

Сонымен қатар Айтуар Асқарұлы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.