Оқиға 14 ақпанға қараған түні сағат 03:25-те Атырау облысы Жылыой ауданы «Құлсары» теміржол станциясында болды.
Атырауда жүк вагоны рельстен шығып кетті
673
оқылды

№11 жолда «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 вагоны рельстен шығып кеткен.

 

«Тепловоздағы жалпы вагон саны – 62. Вагондарда күкірт тиелгені анықталды. Күкірт жерге төгілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу, қалпына келтіру үшін Мақат ауданы «Қазақстан темір жолының» қалпына келтіру пойызы жолға шықты.

Орын алған жағдайға байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ұйымдастырылып, жедел штаб жұмыс істеуде», – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА