Бір күні бұрынғы сүйіктісі жұмыста екеніне көз жеткізіп, ол пәтерге кіріп, күзен пальтосын және екі жұп алтын сырғасын ұрлап кеткен.
Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісін тонап кеткен
Фото: polisia.kz
654
оқылды

Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісін тонап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығында пәтер ұрлығы болды. Күдікті ретінде полицейлер 50 жастағы павлодарлықты ұстады. Ер адам бұрын осы қаланың тұрғынымен бірге тұрғаны және оның пәтерінің кілттері болғаны анықталды.

"Бір күні бұрынғы сүйіктісі жұмыста екеніне көз жеткізіп, ол пәтерге кіріп, күзен пальтосын және екі жұп алтын сырғасын ұрлап кеткен. Сондай-ақ, бір бөтелке шотланд вискиін ұрлаған. Залал сомасы 1 миллион теңгеден асады", – дейді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.

Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Полиция ер адамның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.