Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі.
"Бұрқасын, көктайғақ, 38 градус аяз": 15-17 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Астана ТЖД
7,157
оқылды

"Қазгидромет" РМК 15-17 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтиды, ол аязды ауа райын әкеледі. 15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен бұрқасын болжанады.