Анықталғандай, әйел 6 ақпанда үйден кеткен, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған.
"Алтын әшекейлерін өзімен алып кеткен": Көкшетауда әйел 8 күннен бері табылмай жатыр
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
12,414
оқылды

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған әйелге іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз мәліметінше, ақпанның 12-інде Марал Құттыбайқызы Әбуованың жоғалғаны туралы полицияға күйеуі келіп айтқан. 

Анықталғандай, әйел 6 ақпанда үйден кеткен, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған. Өзімен бірге алтын әшекейлерін ала кеткен.

«Өтініш түскен күннен бастап полиция жоғалған әйелмен қарым-қатынаста болғандарды анықтап, көруі мүмкін деген адамдар мен көршілерінен сұрастырды. Сонымен бірге ол тұрған үйдің аумағындағы, орталық саябақ пен теміржол маңындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Әзірге, әйелдің қайда екені белгісіз», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған әйелді көрген немесе орналасқан жерін білетін адамдар болса, дереу полицияға хабарласуын сұрайды.