Сазгер әрі әнші Ғазизхан Шекербеков "ХабарLike" бағдарламасына қонақ болып, әйеліне арналған әндерінің көп екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның жарына арнаған өлеңі де бар екен.
"Бұл туындыны да Қайрат Нұртаспен бірге орындадым. "Бота көздерің" деген ән болатын. Сосын "Аңсағаным" деген ән бар. Одан кейін де көп ән арналды. "Еркекпін мен", "Ерігіп жүрген ешкім жоқ" әндері де әйеліме арналды", – деді Ғазизхан Шекербеков.
Сонымен қатар өнер иесі қызына ән шығару туралы ойының барын жеткізді.
"2019 жылы екінші қызым өмірге келді. Содан бастап қызға ән шығарғым келді. Одан кейін Еркеш Хасеннің әні шықты. Мен ән жазғым келгенімен, оны жеткізетін сөз таппадым. Менің айтқым келген сөз басқаша еді. Болмады. Жалпы, алдағы уақытта жазатын шығармын. Аман болса, ұзатылғанда да айта береміз. Қызым, еркем, сұлуым, әкесінің қызы деген сияқты сөзбен айта алмаймын. Әнім өсиет сияқты болуы керек. Әннің сөзі қызымның миында қалып кетуі керек. Бойжеткенде "Әкем солай деп еді" ғой деуі керек. Әйтпесе, кім қызына "күнім", "жаным" демей жатыр? Менің ойым осы", – деді Шекербеков.