Шерхан Пірназардың келіншегі Айжан Жұмабек отбасын құрған кезде қандай қиындықтарға тап болғанын Revue News бағдарламасында айтып берді.
"Ыстық суы жоқ жатақханада тұрдық": Шерхан Пірназар отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты
Фото: Instagram/sherhanpirnazar
2,475
оқылды

Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар мен келіншегі Айжан Жұмабек алғаш шаңырақ көтерген кезін еске алып, басынан өткен қиындықтарды айтты. Жұлдызды отбасы бастапқыда ыстық суы жоқ жатақханада тұрған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Шерхан Пірназардың келіншегі Айжан Жұмабек отбасын құрған кезде қандай қиындықтарға тап болғанын  Revue News  бағдарламасында айтып берді.

"Біз үйленген кезде бізде пәтер де, көлігіміз де болмады. Шерханның Қызылордада көлігі болды. Оның ішіне отыру мүмкін емес еді. Ішінде отырып сөйлесе алмайсың, айқайлап сөйлесесің. Көліктің дауысы ғана шығып тұратын. Сол темір тұлпармен де біраз қыдырдық қой. Алғашында жатақханада тұрдық. Ішінде ыстық суы да, ештеңесі де жоқ. Бойлер сатып алдық. Шомылу керек болса, ыстық суды шелекке ысытып суық сумен араластырып шомылатынбыз. Қызымды көтергеннен кейін бізге үй шықты. Шерхан бағдарламалармен үй қарап жүрген еді. Сол үйді алып, толық жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Қызым дүниеге келгенде бірден жаңа үйімізге кірдік. Ұлыммен де солай болды. Босанған кезде жаңа пәтерге кірдік. Бұрынғы пәтерімізді сатып, жаңасын сатып алдық", – деді актердің әйелі.

Сонымен қатар Шерхан Пірназар болашақта көпбалалы әке болып, үлкен үй салуға ниетті екенін алға тартты.