«Қазавтожол» жұмысшылары үздіксіз жұмыс істеп жатыр.
Боран, көктайғақ салдарынан 16 облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,761
оқылды

Бүгін сағат 21.30-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 92 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында – 3 учаске (323 км)

Ақмола облысында – 27 учаске (2201 км)

Ақтөбе облысында – 4 учаске (694 км)

Алматы облысында – 1 учаске (84 км)

Атырау облысында – 1 учаске (9 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (280 км)

Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында – 1 учаске (100 км)

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске (133 км)

Қарағанды облысында – 8 учаске (1118 км)

Қостанай облысында – 11 учаске (1591 км)

Қызылорда облысында – 1 учаске (815 км)

Солтүстік Қазақстан облысында – 15 учаске (1924 км)

Түркістан облысында – 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында – 3 учаске (543 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жұмысшы жұмылдырылған.