Бұл туралы әр өңірдің білім басқармалары хабарлады.
Еліміздің бірнеше облысында мектептегі сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды
Фото: jambylinfo
525
оқылды

Қазақстанның бірнеше аймағында бүгін, 16 ақпанда оқушылар онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Астана, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында мектептегі сабақтар аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

«16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0-11-сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Астананың Білім басқармасы таратқан хабарламада. 

Осындай бұйрыққа Семейдегі білім ведомствосы да қол қойды. Ал Ақтөбе және Қарағанды облыстарында екі ауысымда да оқу онлайн форматқа ауыстырылды.