Кейінгі 7 күнде ауру жұқтырғандар саны 1,5%-ға өскен.
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Фото: freepik
833
оқылды

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күннен күнге артып келеді. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Департамент басшысының айтуынша, жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. 

«Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді», – деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі – вакцинация екенін еске салады.