Алматы облысында балаларды азаптаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті.
"Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды", – дейді облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында белгісіз біреу төрт баланың аяғын байлап, ұрып, пышақтағаны хабарланған болатын.