17 ақпан күні сағат 10:40-та өрт сөндірушілер Жетісу ауданындағы Көкмайса-27 ықшамауданы мекенжайына өрттің жоғары деңгейі туралы хабарламаға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қойманың шатырын жалын шарпыған. Жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары тартылды.
"Жағдай қала бойынша бейнебақылау камераларының және түтін мен өртті анықтаудың көмегімен төтенше жағдайлар бақылауында", – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Жедел штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру аймағы құрылды. Жеке көліктер кедергі жасап жатыр, өзара әрекеттесу қызметтері нысанды токтан ажыратуда.