Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері хабарсыз кеткен тұрғынды тікұшақпен іздеп жатыр.
Мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен: іздеуге тікұшақ тартылды
1,423
оқылды

Ер адам мал іздеуге шығып, адасып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін таңғы уақыттан бастап ер адамның туысқандарының, полиция бөлімінің және жергілікті тұрғындар мен ТЖД қызметкерлері "Астана Кантри Плюс" қыстағынан Бестамақ ауылына қарай батыс бағытта іздеуді жалғастырып жатыр.

Сағат 9.00-ден бастап іздестіруге  "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылды.

Сағат 12:05-тен бастап Трэкольде және қарда жүретін көліктің болжамды іздері бойынша Бестамақ жеріне қарай солтүстік бағытта іздеу жүргізілуде.

Еске салсақ, 14 ақпанда ер адам қарда жүретін көлікпен мал іздеп, адасып кеткен. Оны іздеп жатыр.