Көкшетауда Ақан сері көшесі 172 мекенжайында таяу су құбыры жарылып, ондаған тұрғын үйлер сусыз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Көкшетауда 20 көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды
698
оқылды

Су құбырының жарылуының салдарынан осы көше бойындағы 20 көпқабатты тұрғын үй кешені мүлде сусыз қалған. Қала әкімдігі қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындармен апатты жою жұмысы жүріп жатқанын жеткізді. 

– Бес арнайы АСМ техникасы мен 5 слесарь жұмылдырылған. Ақан сері көшесі Елемесов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі 20 көпқабатты тұрғын үйлер судан ажыратылды, – дейді Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса. 

Қазіргі уақытта апатты жою үшін жұмыс жүріп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы