Головкиннің кандидатурасы олимпиадалық спорт түрлері федерациясының президенті қызметіне ұсынылыпты.
Геннадий Головкин комитет төрағасы болуы мүмкін
mma.metaratings.ru
1,731
оқылды

Кәсіби боксшы Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті (ҰОК) президенті қызметіне ұсынылды, – деп жазады Aikyn.kz.

Vesti.kz сайтының мәліметінше, 14 ақпанда ҚР ҰОК Тәуелсіз комиссиясының отырысы өтіп, ол жерде президенттікке үміткерлерді ұсыну формалары қарастырылды. 

Бұған деін БАҚ бетінде Головкин ҚР ҰОК-ты басқаруы мүмкін екені бірнеше рет жазылған еді. Ал кеше Тимур Құлыбаев Комитеттің құрметті президенті қызметін босатқан болатын.