Астанада аяз күшейді.
Астанада ертең оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
2,002
оқылды

19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. 

Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасы хабарлады.

«2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін -45 градус аяз болатынын хабарлаған болатынбыз.