Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді.
12 облыста республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: gov.kz
824
оқылды

19 ақпандағы сағат 05:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 12 облысында республикалық маңызы бар 61 автожолда ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді.

Абай облысы:

Жалпы ұзындығы 1314 км 5 автожол (қар, боран, жел, шектеулі көрініс); Омбы-Майқапшағай – Павлодар облысы шек. – Қалбатау ауылы (дизельді қозғалтқыштармен жарбдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін); Қалбатау ауылы – Бұғаз ауылы (көліктің барлық түрі үшін); Бұғаз ауылы –Шығыс Қазақстан облысы шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін);

Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз: Аягөз қаласы-Бұғаз ауылы;

Алматы-Өскемен: Жетісу облысы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы;

Таскескен-Бақты: Таскескен ауылы-Үржар ауылы;

Өскемен-Семей: Семей қаласы - Шығыс Қазақстан облысы.

Ақмола облысы:

Жалпы ұзындығы 2140 км болатын 19 автожол (ауа температурасының төмендеуі); облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық автокөлік және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін);

Алматы облысы:

Жалпы ұзындығы 327 км 3 автожол (қар, ауа температурасының төмендеуі);

Алматы тау турбазасына кіреберіс;

Алматы-Өскемен – 25-118 км, ПВП-Шеңгелді ауылы (жүк және қоғамдық үшін) (ауа температурасының төмендеуі);

Алматы-Шелек-Қорғас 24-243 км, ПВП- Шонжы ауылы (көліктің барлық түрі үшін);

Шығыс Қазақстан облысы:

Жалпы ұзындығы 1268 км 7 автожол (қар, боран, шектеулі көрініс);

Омбы-Майқапшағай: Абай обл. шек. – Зайсан қ. шекарасы (көліктің барлық түрі үшін).

Жамбыл облысы:

Жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (қар,боран, жел, көрінуді шектеу), облыс бойынша барлық бағытта (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін); Алматы-Ташкент-Термез, Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (көліктің барлық түрі үшін); Жетісу-2 жалпы ұзындығы 158 км автожолда (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуді шектеу);

Үшарал-Достық: Көктұма станциясы – Достық станциясы (көліктің барлық түрі үшін);

Алматы-Өскемен: Үшарал – Абай облысының шекарасына бұрылыс (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін).

Қарағанды облысы:

Жалпы ұзындығы 1178 км 5 автожол (ауа температурасының төмендеуі);

Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау, Ақмола облысы шекарасы – Теміртау қ;

Қызылорда-Павлодар: Ұлытау облысы шекарасы – Топар кенті, Қарағанды қаласы – Павлодар облысы шек.;

Екатеринбург-Алматы-Теміртау қаласы-Қарағанды қаласы, Солтүстік Шығыс айналма жолы, Новостройка кенті-Балқаш қаласы;

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз-Ботақара кенті-Қарқаралы қаласы;

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара – Павлодар облысы-Ботақара а., 231-324 км (дизельді автокөлік үшін).

Қостанай облысы:

Жалпы ұзындығы 135 км 3 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты);

Жезқазған-Петропавл – Ұлытау обл. шекарасы – Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін);

Жезқазған-Петропавл – Арқалық қаласы – Ақмола облысы шекарасы;

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған – Октябрьское ауылы – Ақмола облысы шекарасы (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін);

Павлодар облысы:

Жалпы ұзындығы 1624 км 8 автожол (ауа температурасының төмендеуі); облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық автокөлік және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы:

Жалпы ұзындығы 398 км 4 автожол (ауа температурасының төмендеуі);

Екатеринбург-Алматы – Рузаевка ауылы – Ақмола облысы шек.;

Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек. (Омбыға дейін), Ақмола облысы – Ресей Федерациясының шекарасы;

Көкшетау-Рузаевка – Ақмола облысы шек. – Саумалкөл ауылы;

Жезқазған-Петропавл – Ақмола облысы шек. – Тоқсан би ауылы (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін).

Түркістан облысы:

Жалпы ұзындығы 106 км 1 автожол (боран, көктайғақ).

Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы – Қызыл әскер ауылы – Черняевка ауылы (жүк көлігі үшін).

Ұлытау облысы:

Жалпы ұзындығы 543 км 3 автожол (боран, жел, шектеулі көрініс);

Жезқазған-Петропавл – Ұлытау кенті – Қостанай облысының шекарасы.